Қостанайда қаржы пирамидасы бойынша күдікке ілінген тұрғын шағымданушылардың ақшасын қайтарып берді

7 июня 2023 г. 15:55 / Новости Казахстана

Қостанай облысында «Qnet LTD» құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс толыө жабылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті күдікті азаматтарды «Qnet LTD» қаржы пирамидасына тарту үшін Қостанайда кеңсе ашып, жеңіл табыс табуды белсенді түрде жарнамалағанын анықтаған. Нәтижесінде 30-дан астам адам қылмыстық пиғылдың құрбаны болған.

Күдіктіге қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеру барысында ол жәбірленушілерге 36,5 миллион теңгеден астам шығын толық өтеген. Осыдан кейін тараптардың татуласуына байланысты тергеу тоқтатылып отыр. 

Бұған дейін Жезқазған, Алматы және Астана қалаларының төрт тұрғыны «MetaGo» жобасы бойынша криптовалютаға инвестиция тарту желеуімен Жезқазған қаласының аумағында қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген болатын. Сондай-ақ, Оралда қаржы пирамидасын құрып, тұрғындардың 120 миллион теңге шығынға ұшыратқан күдіктілер ұсталған еді. Еліміздің қаржылық мониторингі агенттігі қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың кеңейтілген тізімін жариялаған болатын. Бұл ретте Антикор азаматтарға жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауды ұсынып отыр. 

Автор
Новости партнеров