Қостанай облысында субсидия төлеуде кемшілік көп - АШМ

27 июня 2023 г. 14:40 / Новости Казахстана

Қостанай облысы субсидияларды төлеу бойынша антилидер болып отыр, деп хабарлайды Arbat.media.

Ақпан айынан бастап өңірдің Ауыл шаруашылығы басқармасының қарауында 7 мыңнан астам өтінім түскен. Бұл ретте 8,7 млрд теңгеге 2 695 өтінім мақұлданып, оның тек 5,7 млрд теңгесі төленді. СБМАЖ еш кедергісіз, толық штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бұл АШБ-ның өзінде жұмысты тиісті ұйымдастырудың жоқ екенін көрсетеді. Қостанай облысының әкімдігі бұл жағдайды қызметкерлердің жетіспеушілігімен түсіндірді.

АШМ мамыр айында өңір әкімдігіне өтінімдерді қарау үдерісін жеделдету үшін бұл жұмысқа қосымша қызметкерлерді тарту қажеттігі туралы хат жолдаған. Бұған әкімдіктен мәселені тезірек шешетіні туралы жауап келді. Алайда соған қарамастан, жұмыс әлі де жолға қойылмағаны белгілі болды.   

Ауыл шаруашылығы министрлігі 16 маусымда барлық өңірлердің басқармаларының қатысуымен кеңес өткізіп, онда Қостанай облысындағы проблемалар мен оларды шұғыл шешу қажеттілігі мәселені қараған. 

Сонымен қатар, министрлік Қостанай облысы әкімінің атына кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту мүмкіндігі туралы ұсыныс жолдау жөнінде шешім қабылданды.

Айта кетейік, қордаланған мәселені жедел шешу үшін Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов бастаған жұмыс тобы облысқа аттанды. Топ әкімдік, қаржы институттары қызметкерлері, сондай-ақ шаруалармен кездесулер өткізеді.

 

Автор
Новости партнеров