"Қазығұрт" кеден бекетінде Өзбекстан азаматынан 24 тонна жанармай тәркіленді

4 июля 2023 г. 20:47 / Новости Казахстана

Түркістан облысындағы "Қазығұрт" кеден бекетінде 24 тонна АИ-92 маркілі бензинін заңсыз алып кету әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Arbat.media.

Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитет "Қазығұрт" кеден бекетінің қызметкерлерімен, Қазақстаннан Өзбекстанға қарай  бағытталған көрші е азаматының басқаруындағы «ДАФ» маркалы автокөлікті кедендік декларациясы бойынша жүктелген «Оксигенат» тауарының иісі «Бензин» жанар-жағармай тауарына ұқсағандықтан күдік тудырды. Осыдан кейін кедендік қарап тексеру жұмыстарын жүргізген. 

Кедендік тексеру кезінде жалпы 24 дана пластмасса ыдыстарына (әрқайсысы 1 тоннадан) құйылған сұйықтық анықталған.  

Қазіргі уақытта автокөлік құралдарымен бензин, дизель отынын және жекелеген мұнай өнімдерін елімізден сыртқа алып кетуге тыйым салынғаны белгілі. 

Оның сынамалары алынып, кедендік зерттеулер орталығына жолданды. Нәтижесінде күдікт тудырған сұйықтықтың АИ-92 маркілі бензин екені толық дәлелденді. 

Сот шешімімен заң бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 103,5 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынған. Ал ұсталған тауар мемлекет пайдасына тәркіленгені белгілі болды. 

Автор
Новости партнеров