"Қазақтың биі" Омар Жәлел әйелдерге көп бала тууға кеңес берді 

6 декабря 2022 г. 2:20 / Новости Казахстана

Белгілі ғалым, философ Омар Жәлел қазақ әйелдері үсті-үстіне бала туа беру керектігін айтты, деп хабарлайды arbat.media.

Өзінің кезекті әңгімесінде философия ғылымдарының кандидаты, ғалым Омар Жәлел бос жатқан жер шау шақыратынын мысалға келтірді. Осылайша ол Мәскеу, Стамбул сияқты әлемнің ірі мегаполистерінде 15-20 миллион халық тұрып жатқанын тілге тиек етті.

"Егер біз осы жерлерді ұрпақпен толтырмасақ, жау шапқанның көкесі сонда болады. Ол үшін ұлтшыл әйелдер керек. Яғни ештеңеге қарамай бала туатын әйелдер. Түбінде сіз жеңесіз. Ең үлкен құрметке ие боласыздар", - деді Омар Жәлел. 

Осыдан бірер жыл бұрын Омар Жәлел еліміздегі арналардың біріндегі тікелей эфир кезінде әйелдерге қатысты пікір айтып, сынға ұшыраған болатын. Көпшілік тарапынан оның сөзі "нәзік жандыларға деген құрметсіз мәлімдеме" деп бағалаған еді. Қызға тауар ретінде қарау керектігін айтқан философ кейін өзінің айтпақ ойы басқа болғанын да мәлімдеген. 

Қыркүйек айында Шымкентте өткен басқосуда еліміздің әр өңірінен жиналған делегаттар Омар Жәлелді қазақтың биі деп жариялады. Кейін би болып сайланған философқа белгілі бір кезеңдерде атқарған ісіне есеп беріп отыруы міндеттелді. 

Автор
Новости партнеров