Қазақтың бес, қытайдың бес". Жазушылар одағы Қытаймен келісімшарт жасасты

21 сентября 2023 г. 19:00 / Новости Казахстана

Қазақстан Жазушылар одағына қытайлық баспа директоры Фан Мин, Phoenix Science press президенті Фу Мэй,  әдебиет және өнер баспасының президенті Чжан Цзай Цзянь бастаған компанияның бірнеше өкілі келді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстан жазушылар одағының баспасөз қызметі:

Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Қалибекұлы Қытай өкілдерін Одақ тарихымен таныстырып, атқарып жатқан жұмыстары, келешектегі жоспарларымен бөлісті. 

Қонақтар қытай қаламгерлерінің «Алтын өзен» (Лу Минь), «Баллада» (Ван Яо), «Чжунгуаньцундағы сергелдең» (Сюй Цзэчэнь), «Жүрегімнің мекені – Дуньхуан» (Фань Цзиньши), «Бэмба» (Лю Лянчэн), «Мені ұмыт» (Сюй Фэн), «Он мың құс ұясына оралғанда» (Хэ Цзяньмин) атты кітаптарын қазақ тіліне аударып, Қазақстанда басып шығару, тарату жөнінде ұсынысын жеткізді. Мұнан тыс, әр жылы қазақтың бес, қытайдың бес қаламгерінің шығармаларын екі елде жарыққа шығарып отыруға уағдаласты.

Автор
Новости партнеров