Қазақстанқұрамасы Унивесиададан үшінші алтынға қол жеткізді

19 января 2023 г. 15:57 / Новости Казахстана

Лейк-Плэсидте өтіп жатқан 2023 жылғы Универсиада Ойындарында Қазақстан құрамасы үшінші алтын медальға ие болды, деп хабарлайды  Arbat.media.

Қазақстандық биатлоншы Бекентай Тұрлыбеков құрама қоржынына үшінші алтынды сыйлады. Отандасымыз Универсиада Ойындарында екі атыс сызығында бірде-бір рет мүлт кетпей, 27:51,5 нәтижесімен чемпион атанды. 

Бұл сында 10 шақырымдық спринт жарысында күміс жүлдені АҚШ спортшысы Бьорн Уэстервелт еншілесе, қоланы қазақстандық тағы бір биатлоншы Александр Мухин қанжығаға байлады. 

Бұл ретте Қазақстан құрамасы жүлде саныбойынша жарыс кестесінде әзірге үш алтын және бір қола медаль иеленіп,  Жапония мен Финляндиядан кейінгі үштікті түйіндеп тұр. 

Бұған дейін Қазақстан спортшылары Вадим Куралес пен Данил Васильев студенттер Ойындарында топ жарған болатын. 

 

Автор
Новости партнеров