Қазақстанның Қытайға тауар экспорты кеміп барады

29 сентября 2023 г. 19:10 / Новости Казахстана

Қазақстанның Қытайға тауар экспорты осы жылдың 7 айында 2,8 пайызға кеміген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚазАқпарат жариялады.

2023 жылдың 7 айының қорытындысында Қытай Қазақстан экспорты бойынша (19,9 пайыз) 2-орынды (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерді есепке алмағанда) алады. Қазақстанның Қытайға экспорты 7,6 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,8 пайызға (7,8 млрд доллар) аз.

Қазақстан экспортының негізгі бөлігін, нақтырақ айтқанда 63,4 пайызын минералды өнімдер құрайды. Дегенмен, бұл өнмдердің экспорт көлемі де 7 айда (4 892 млн доллар) 1,7 қысқарып (2022 жылдың 7 айында 4 975 млн доллар).

Металдар мен олардан жасалған бұйымдар экспортталатын тауарлардың 27,7 пайызын құрайды. Осы тауарлар тобының экспорт көлемі де 26,4 пайызға (2023 жылғы 7 айда - 1 600,7 млн доллар, 2022 жылдың 7 айында – 2 175 млн доллар) төмендеді.

Автор
Новости партнеров