Қазақстаннан Сириядағы соғысқа барған содырдың баласы елге қайтарылды

16 апреля 2023 г. 21:53 / Новости Казахстана

Бірнеше жыл бұрын Сирия аумағындағы соғысқа аттанған қазақстандық содырдың жеті жастағы қызы елге жеткізілді, деп хабарлайды Arbat.media.

Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ шетелдік серіктестерімен бірлесе отырып жеті жастағы қызды Сириядан Қазақстанға әкелді.  

11 наурызда Сирия елімізге бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызын берді. Оны қайтару бойынша гуманитарлық операция жарты жылдан астам уақыт бойы жүргізілген. 

Қазіргі уақытта бала Астана қаласының балаларды қолдау орталығында. Оның психологиялық жай-күйі қанағаттанарлық деңгейде. Осы сәтте қыз бала медициналық тексеруден өтіп, оны бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді ҰҚК баспасөз қызметіндегілер. 

Жақын уақыттары Сириядан келген бала туыстарының қамқорлығына берілетін болады.

Кейбір мәліметтерге қарағанда 2016 жылы дүниеге келген бала бір жасқа толғанда анасы Сириядағы жарылыстан қаза тапқан. Кейін әкесі үйленіп, 2019 жылы Сирия аумағынан шығып кетуге талпынады. Шекара бұзуға талпанған қазақстандықтар екі топқа бөлініп, бала әкесінің екінші әйелінің ағасында қалған. Ол шекарадан өту қауіпті болғандықтан бала сол маңдағы сириялық әйелге уақытша аманаттаған. Оның әкесі елге келген соң ҰҚК тергеуі кезінде соғыс аумағында қызы қалғанын айтқан. 

ҰҚК 2019 жылдан бастап соғыс аймақтарынан 518 кәмелетке толмаған баланы, оның ішінде 34 жетім қалған баланы Қазақстанға қайтарған. 

 

 

Автор
Новости партнеров