Қазақстанға 35 шетелдік ірі компания көшіп келді
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов бірқатар шетелдік кәсіпорындарды Қазақстанға релокациялау бойынша жұмыс шеңберінде бүгінде 35 ірі шетелдік компания елімізге көшіп келгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.mediа.
2022 жылы тікелей шетелдік инвестия көлемі 28 млрд долларды құрады. Бұл - 10 жыл ішіндегі рекордтық көрсеткіш. Жалпы былтыр негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 15,1 трлн теңгені құрады. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 35%-ке көп, - деді Әлихан Смайылов.
Бүгінгі таңда қолданыстағы заңнама шеңберінде инвестицияны мемлекеттік қолдау шараларының кең спекторы қолданылады.
Инвестициялық келісімшарт щеңберінде басым секторларда жұмыс істейтін компаниялар салықтар мен кедендік баждан босатылады, заттай грант алады. Ірі инвесторларды тарту үшін қолданыстағы мемлекттік қолдау шараларының кез келгенін ұсына отырып, жеке шарттармен инвестиция туралы келісім жасасу мүмкіндігі көзделген. Бұл ретте инвестор үшін қарсы міндеттемелер белгіленеді. Сондай-ақ инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасу мүмкіндігі енгізіліп, онда салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік береді.