Қазақстандықтардың 23 пайызы қыз алып қашуды қолдайды
Қазақстандық қоғамдық даму институты "Қазіргі қоғамдағы гендерлік саясат" зерттеуін жүргізіп, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 25% - ы неке үшін қыз алып қашуға қарсы емес екенін анықтады. Бұл туралы Arbat.media хабарлайды.
Сауалнамаға еліміздің әр өңірінің тұрғындары қатысқан. Пікір білдіргендердің 23,6 пайызы әйелдерді күштеп ұрлау құбылысын бейтарап немесе оң бағалап отыр.
Жауап берген қазақстандықтардың жартысы ғана егер қызды оның келісімінсіз ұрлап кеткен болса, онда ол кетіп қалып немесе құқық қорғау органдарына мәлімдеуі керек деп санайды.
Пікір айтқандардың 11,7 пайызы қыз сол үйде қалып, алып қашқан жігітке тиюі керек деп санайды. 18,4 пайызы қыз кетіп, құқық қорғау органдарына хабарламауы керек деп санайды", - деді Отбасы институтын зерттеу орталығының жетекшісі Ольга Николаева.
Бұған дейін Алматыда Мәжіліс сайлауы бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізілген болатын. Алматылықтардың көпшілігі өзін-өзі ұсынушыларға дауыс беру туралы біле бермейтіні белгілі болған.