Қазақстандықтар құжат аларда саусақ ізін тапсырады — дактилоскопия
1 қаңтардан бастап паспорт пен жеке куәлік рәсімдегенде саусақ ізі алынады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингіде Көші-қон қызметі комитетінің аға инспекторы Нұржан Жанабаев айтты.
«Дактилоскопия тіркеуі – саусақтың папилляр үлгілерінің құрылымынан ақпарат алу. Міндетті дактилоскопия тіркеуі 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталады. 12 жасқа дейінгі балалардан басқа, ҚР барлық азаматтары және Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер дактилоскопия тіркеуіне кіреді. 12 жастан 16 жасқа дейінгі балалар дактилоскопия тіркеуінен ерікті өтеді. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жеке куәлігі, паспорты, шетелдіктің елде тұруға ықтиярхатты және азаматтығы жоқ азаматтың куәлігін ресімдегенде жүргізіледі”.
Саусақ іздерін беруден бас тартса, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 443-1-бабына сәйкес жаза қолданылады.