Қазақстандықтар былтыр 6 млрд теңгеге VIP-нөмірлер сатып алды

30 мая 2023 г. 14:40 / Новости Казахстана

Қазақстандықтар үшін сұранысқа ие қызметтердің бірі “беделді” нөмірлерді сатып алу бойынша өткен жылы автокөлік иелері шамамен 6 млрд теңгені VIP-нөмірлерге жұмсаған, деп хабарлайды Arbat.media.

Polisia.kz-тің жазуынша, осындай нөмірлерді сатып алуды қолжетімді ету үшін ІІМ оларды таңдау және брондау бойынша тиісті сервис әзірледі. Бұл сервис Цифрлық даму министрлігінің “Smart Bridge” сервистер витринасында орналастырылған.

Сервис мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған барлық интеграциялық платформаларда, оның ішінде екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында да қолжетімді. Сонымен қатар азаматтарға ыңғайлы болу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган осы қызметті еGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеттерге шығару мәселесін пысықтап жатыр.

Өткен жылдардағы талдау көрсеткендей, бұл жыл сайын 20 мыңнан астам азаматқа мобильді қосымшалар арқылы, ХҚКО-ға бармай-ақ, автокөліктерді тіркеу кезінде онлайн-режимде “беделді” нөмірлерді таңдауға және брондауға мүмкіндік береді.

ІІМ мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру және процестердің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

 

Автор
Новости партнеров