Қазақстандық құтқарушылар Түркияда 88 адамды үйінді астынан алып шықты

15 февраля 2023 г. 17:43 / Новости Казахстана

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтағы іздеу-құтқару жұмыстары жүргізе бастаған уақыттан бері 7 адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Қайтыс болған 88  адамның, оның ішінде 10 баланың денесі үйінді астынан шығарды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстан ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шеккен адамдарға тәулік бойы алғашқы медициналық көмек көрсетіп жатыр. Өткен кезеңде 140-тан астам жергілікті тұрғынға, соның ішінде 17 балаға медициналық көмек көрсетілді. Олардың ішінде стресстің жедел реакциясымен, салқын тию, тыныс алу жолдарының ауруларымен, сондай-ақ әртүрлі жарақаттармен байланысты аурулар басым.

Қазіргі уақытта Қазақстан ТЖМ құтқарушылары екі елді мекенде іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастыруда. Қираған үйлердің орнындағы үйінділердің арасын ашу жұмыстары жүргізілуде. Құтқарушылар тұрақсыз құрылымдарды бөлшектеу және арнайы кескіштің көмегімен жол тазарту және қирандылардың астынан зардап шеккендерді іздеуді жеңілдету үшін үйінділердің астындағы арматураны кесу жұмыстары жүргізуде. Бұл бетон, арқалықтар және басқа да құрылыс қалдықтарын бөлшектеп, арнайы техникаға жүктеуді жеңілдету үшін жасалады, - деді ТЖМ баспасөз қызметіндегілер. 

Газиантеп қаласы бірінші эшелонмен барған құтқарушылар тәулік бойы екі ауысымда екі учаскеде жүргізіліп жатқаны айтылды.

Құтқарушылардың бір тобы толығымен қираған 9 қабатты ғимараттың үйінділерінің арасынан адамдарды іздеу жұмыстары жалғастырып жатыр. Бұл жерде үйінділердің астынан 4 адам құтқарылды, 30 қаза тапқан адамның денесі шығарылған.

Құтқарушылардың басқа тобы алты қабатты ғимаратта жұмыстарын жалғастырула. Аталған орыннан қайтыс болған 24 адамның денесі шығарылды.

 

 

Автор
Новости партнеров