Қазақстандық экономист Ресейге әскери сынақты өз жерінде өткізуге кеңес берді

5 декабря 2022 г. 23:15 / Новости Казахстана

Ресейдің Қорғаныс министрлігінің Қазақстан аумағында зымырандарын сынауға қатысты экономист Алмас Чукин пікір білдірді. Ол ресейліктерге мұндай сынақтарды өз жерінде өткізуді ұсынды, деп хабарлайды arbat.media.

Желтоқсан айының басында РФ Қорғаныс министрлігі Қарағанды облысындағы Сарышаған полигонында зымыранды сәтті ұшырғанын мәлімдеді. Әлеуметтік желіде аталған сынақтың бейнежазбасы жария болды. 

Экономист Алмас Чукин Сарышағанның тарихта айрықша орны бар екенін айтады. Кеңес заманында мұнда КСРО-ның ядролық шахтасы болған. Оның жалпы көлемі 81 мың шаршы метрді құраған. 

"Ал бұл жердің Ресейге неліктен жалға берілуі себебі түсініксіз. Ол жерде РФ әскерилері атып жатыд. Ал біздің бейбіт тұрғындар алаңсыз өмір сүріп жатыр. Жақын жерден пойыз станция арқылы жолаушылар қатынауда. Тіпті, ішкі рейстермен бірге халықаралық рейстер де ұшып жатыр", - деді ол.

Әзірге Сарышағанда РФ қандай зымырандарды сынайтыны айтылмады. Экономист қандай ұшақтарға арналғанын және қаншалықты ұшуға қабілетті екенін болжау мүмкін емес деп отыр. Сондықтан ресейліктер мұндай қаруды өз аумағында тексеруі керек деп санайды.

"Осымен бәрі жететін шығар? Олардың керемет зымырандары  өз жерінде сыналсын. Оларға мұнда қолайсыздау болады.  Ал бізге мұндай сынақтар керек пе? Мұнда бәріміз экология үшін күресіп жатырмыз", - деді Алмас Чукин. 

 


 

Автор
Новости партнеров