Қазақстандық дзюдошылар Душанбе Гран Приінде қос қола иеленді

5 июня 2023 г. 14:17 / Новости Казахстана

2-4 маусым күндері Душанбеде дзюдодан өткен Гран При турнирінде қазақстандық дзюдошылар 2 қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Arbat.media.

66 келіде күрескен Сұңғат Жұбатқан алғашқы белдесуінде израильдік Даниэль Капелушниктен басым түсті. Екінші айналымда татами иесі, тәжік дзюдошысы Нұрәли Эмомалиді сан соқтырды. Ал ширек финалда ресейлік балуан, жеке бейтарап құрама атынан белдескен Мұрат Шопановқа есе жіберіп, жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды. 

Маңызды жұбаныш белдесуінде С.Жұбатқан ұлыбританиялық Йонг Чарлиді қапы қалдырды. Ал қола жүлде үшін белдесуде ұлттық құрама мүшесі испаниялық Ниэто Чинарро иппонмен ұтты. 

Татамиге шыққан аса ауыр салмақтағы Ерасыл Қажыбаев бірінші айналымда француз Делверт Клементтен басым түсті. Алайда ширек финалда татами иесі Темур Рахимовтан айласын асыра алмады. Жұбаныш белдесуінде бахрейндік спортшы Азамат Шоцаевқа қарсы өткізіп, жеңіске жетті. Қола медаль үшін күресте польшалық Каспер Полшуровді ұтып, Душанбе Гран Приінің қола жүлдегері атанды. 

Аталған турнирге Қазақстан құрамасынан тек ерлер ғана белдесті. Сонымен қатар, 90 келіде отандық дзюдо шеберлерінен ешкім күрескен жоқ. 

Автор
Новости партнеров