Қазақстанда қор биржасының жалған сайттары пайда болды

6 апреля 2023 г. 16:06 / Новости Казахстана

KASE Қазақстан қор биржасы алаяқтардың жалған веб-сайтын жасағанын мәлімдеді. Олар брокерлердің атынан ақшаларын тиімді инвестициялауды ұсынып отыр, - деп хабарлайды Arbat.media 

KASE-нің хабарлауынша, алаяқтар жасаған жарнамада KASE логотипін немесе KASE қызметкерлерінің фотосуреттерін пайдалана отырып, жалған сайтты жасап шығарған.

Ғаламтор желісінде аяқтарған дайындап шығарған жалған сайт: http://kasekz2022.tilda.ws

Ал KASE өз кезегінде ресми сайттың доменіне мән беруді ұсынды: https://kase.kz.

"Қор биржасы азаматтарды қырағы болуға және қаскүнемдердің қулықтарына алданбауға шақырады. KASE ресми түрде биржаның немесе оның қызметкерлерінің тікелей қатысуымен биржалық нарықтарда бағалы қағаздарды немесе басқа активтерді сатып алу үшін жеке немесе заңды тұлғаларға ешқашан өз қызметтерін ұсынбайтынын мәлімдеді", - деп жазылған хабарламада.

Ведомство дерегінше, KASE сауда-саттықты ұйымдастырушы болып саналады.  Тек қаржы ұйымдарымен  тікелей өзара іс-қимыл жасап, оларға Биржаның сауда-саттық жүйесіне қосылуға, өтінімдер беруге және мәмілелер жасауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, KASE брокерлік ұйымдармен байланыста абай болуды ескертеді. "Мұндай жағдайда алаяқтар ұйымдардың атынан әрекет ететін секілді көрініп, соңында сан соқтырып кетеді" дейді қор биржасының өкілдері.

Автор
Новости партнеров