Қазақстанда 255 елді мекенді су басуы мүмкін – Юрий Ильин
28 февраля 2023 г. 15:46 / Новости Казахстана
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин көктемде су тасқынының алдын алу үшін қандай шаралар жүргізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.
Министр алдағы көктем айларында су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуы кезінде су басу аймағында 255 елді мекен болуы мүмкін екенін атады.
Оңтүстік аймақтарда қар еруінің басталуына санаулы күн қалды. Қазір барлық күш-жігер алдын алу шаралары мен су тасқынына дайындыққа бағытталған. Биылғы екі айда 15,1 шақырым уақытша бөген салынды, 24 шақырымға жуығы жөнделді, 16 шақырымнан астам уақытша бөген, сондай-ақ елді мекендердің айналасында 41 шақырым білік тұрғызылды, - деді спикер.
Сонымен бірге 5 мың шақырымға жуық каналдар мен арықтар, автомобильдер және темір жолдар астында 8,5 мыңнан астам су өткізу құрылыстары тазартылғанын атап өтті.
«Биыл су тасқыны қардың көп болуына және топырақ қабатының қатты тоңазуына байланысты ауқымды болатын түрі бар. Өңірлерде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық комиссиялардың 114, оның ішінде 31 жоспардан тыс отырысы өткізілді. Полиция бөлімшелерімен бірлесіп, елді мекен аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу фактілерін анықтау бойынша рейдтік шаралар басталды және жүргізілуде, бұл дренаждық және арық жүйелерін ұстау, қар шығару, адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту», - деді Юрий Ильин.
29 сентября 2026 г. 12:18 / Новости Казахстана
Крупным компаниям могут повысить штрафы за повторные нарушения с персональными данными
29 сентября 2026 г. 11:08 / Новости Казахстана
Казахстанцы держат 26,8 трлн тенге на срочных депозитах
29 сентября 2026 г. 9:19 / Новости Казахстана
Где в Казахстане больше всего бедных: данные БНС
28 сентября 2026 г. 16:00 / Новости Казахстана
Казахстанские банки смогут повысить ставки по долгосрочным валютным депозитам
28 сентября 2026 г. 14:04 / Новости Казахстана
В Алматы с 1 октября подорожают вода и канализация
28 сентября 2026 г. 10:23 / Новости Казахстана