Қазақстан одақтас мемлекет құруға немесе олардың құрамына кіруге ниетті емес - Руслан Желдібай
26 мая 2023 г. 14:29 / Новости Казахстана
Президент әкімшілігі басшысының орынбасары - Ақорданың баспасөз қызметінің жетекшісі Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге сапарынан кейін Қазақстанның одақтас мемлекеттерге қатысты көзқарасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.media.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен II Еуразиялық экономикалық форумға қатысқан болатын. Форум барысында ол бірқатар мәлімдеме жасады.
ЕАЭО аясындағы интеграция тек қана экономикалық сипатта ғана жүруі керек. Бұл – Президенттің негізгі ұстанымы. Оның шеңберінен шығу ұйымның жарғылық құжаттарының мақсаттарына, принциптері мен міндеттеріне қайшы келеді. Президент атап өткендей, экономикалық интеграция – бұл түпкі мақсат емес, ол экономиканы дамытудың және халықтарымыздың әл-ауқатын арттырудың негізгі құралдарының бірі. Яғни, ұйым асында қабылданатын кез келген шешім оның әрбір мүшесіне және, ең алдымен, олардың азаматтарына пайдасын тигізуі тиіс, - деді Руслан Желдібай.
Ол интеграция мәселесі қозғалғандығын айта келе, қазіргі уақытта ЕАЭО-ның екі мүшесі – Ресей мен Беларусь өзара ықпалдастықтың жоғары деңгейіне шыққанын атады.
Мемлекет басшысының пайымынша, шын мәнінде, бір халық және бір мемлекет туралы сөз болып отыр. Осы ретте мүлде басқа мақсаттарды көздеген екі түрлі интеграциялық жоба шеңберіндегі бастамалардың ара-жігін ажырату аса маңызды. Біздің елімізге келетін болсақ, Қазақстан қандай да бір одақтас мемлекеттер құруға немесе олардың құрамына кіруге ниетті емес және оны жоспарлап отырған жоқ, - деді Ақорданың баспасөз хатшысы.
13 декабря 2025 г. 15:57 / Новости Казахстана
Поликлиника в Семее вернёт 40 млн тенге за фиктивные медосмотры призывников
13 декабря 2025 г. 11:08 / Новости Казахстана
Из-за снегопада перекрыли трассы в двух регионах Казахстана
12 декабря 2025 г. 17:35 / Новости Казахстана
Семья из Казахстана обманом собрала 1,3 млрд тенге под видом помощи сыну
12 декабря 2025 г. 16:35 / Новости Казахстана
Зачем Иран инвестирует в переработку железорудных хвостов в Казахстане?
12 декабря 2025 г. 15:58 / Новости Казахстана
Алматы стал лидером по числу браков в Казахстане — более 17,5 тысячи с начала года
12 декабря 2025 г. 14:35 / Новости Казахстана