Қазақстан мен Германия президенттері көпжақты ынтымақтастықты нығайта түсуге уағдаласты
Мемлекет басшысы ГФР Федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Тараптар Германия президентінің таяуда Қазақстанға жасаған сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылуын қарастырды.
Энергетика, транзит, логистика, пайдалы қазбаларды игеру, жаңартылатын энергия көздері, ауыл шаруашылығы және цифрландыру секілді ынтымақтастықтың басым бағыттарына қатысты бірлескен жұмысты талқылады.
Мәдени-гуманитарлық байланысты, екі елдің ғылыми және білім беру ұйымдары арасындағы қатынасын нығайту мәселесіне баса мән берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан мен Германияның көпжақты ынтымақтастығын одан әрі нығайту үшін бірлескен іс-қимылын арттыра түсуге уағдаласты.