Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингісінде үш сатыға көтерілді

7 апреля 2023 г. 13:04 / Новости Казахстана
Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) жариялаған рейтингте үш сатыға көтерілді, деп хабарлайды Arbat.media
 
Еліміздің футбол федерациясының мәліметі бойынша жаңа рейтингте Қазақстан құрамасы 115-тен 112-орынға көтерілді.

Бас бапкер Магомед Адиев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы наурыз айында Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізіп, Словения (1:2) және Даниямен (3:2) кездескен болатын. 

ФИФА рейтингі, сәуір 2023 жыл:

1. Аргентина – 1840.93 ұпай

2. Франция – 1838.45

3. Бразилия – 1834.21

4. Бельгия – 1792.53

5. Англия – 1792.43

6. Нидерланд – 1731.23

7. Хорватия – 1730.02

8. Италия – 1713.66

9. Португалия – 1707.22

10. Испания – 1682.85

19. Дания – 1594.53

56. Финляндия – 1405.31

59. Словения – 1398.47

62. Солтүстік Ирландия – 1385.93

111. Кипр – 1179.45

112. Қазақстан – 1177.05

113. Гвинея-Бисау – 1172.3

211. Сан-Марино – 759.12

Көршілес Өзбекстан құрамасы да үш сатыға жоғарылап, ФИФА тізімінде 74-орынға тұрақтады. Сречко Катанец шәкірттері бұған дейін 77-орында болған еді. Өзбекстан футболшылары наурыз айында Сауд Арабиясында Боливия (1:0) және Венесуэла (1:1) құрамаларымен жолдастық кездесулерден кейін рейтингте көтеріліп отыр. 

Автор
Новости партнеров