Қазақстан бойынша 34 млн алаяқтық қоңырауға тосқауыл қойылды

1 июня 2023 г. 18:45 / Новости Казахстана

Соңғы жылдары банк қызметкерлерінің атынан жасалған телефон алаяқтықтары жиілеп, былтыр 3600 қылмыс  анықтады, деп хабарлайды Arbat.media.

Polisia.kz-тің жазуынша, ІІМ оларды бұғаттау мәселесін көтерді. Ведомство Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, “Ксеll”, “КаР-Тел”, “Altel” және “Теle2” ұялы байланыс операторларының антифрод-жүйелерінің дерекқорларын біріктіруді ұйымдастырды.

Қабылданған техникалық шаралар қазақстандық абоненттік нөмірлерге халықаралық трафик арқылы өтетін фрод-қоңырауларды тануға және бұғаттауға мүмкіндік берді.

Нәтижесінде өткен жылдың 6 айында 19 млн алаяқтық қоңырау бұғатталды, ал ағымдағы жылдың басынан бері анықталған қоңыраулар 15 млннан асады. Осындай қылмыстар жасауға қатысы бар адамдарды анықтау, оның ішінде “call-орталықтар” деп аталатын қызметті бейтараптандыру және жолын кесу бойынша шаралар қабылдануда. Мәселен, өткен жылы ел аумағында интернет-алаяқтық кезінде ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан 5 трансұлттық қылмыстық топ анықталып, жолы кесілді, - деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер.

Өткен жылдың желтоқсан айында Украинаның ұлттық полициясымен бірге Днепропетровск облысының аумағында арнайы операция жүргізілді. Соның нәтижесінде қазақстандықтарды алдаумен айналысқан Украинаның 32 тұрғынынан тұратын қылмыстық топ жойылған еді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде IP-телефонияны пайдаланумен байланысты телефон алаяқтығының саны екі есе төмендеген. 
 

Автор
Новости партнеров