Қазақстан Ауғанстаннан сауда үйін ашатын болды
Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауда айналымы 1 миллиард долларға жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.
Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Кабулға жұмыс сапары барысында Герат қаласында Қазақстанның жаңа сауда үйі ашылатынын мәлімдеді. Жақын арада ол өз жұмысын бастайды, - деді Айбек Смадияров.
Ресми өкіл Ауғанстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әлеуеті өте жоғары екеніне тоқталды.
2022 жылы екі ел арасындағы сауда көлемі 1 миллиард долларға жетті. Біздің өндірушілер, кәсіпкерлер аталған елге экспортталатын тауар түрлерін одан әрі кеңейтуге мүдделі, - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Қазіргі уақытта Ауғанстанда 40 миллион халық тұрады. Бұл Қазақстан үшін ірі сұранысқа ие нарық болып саналады.