Қазақ дизайнер Айжан Рахымбайқызы АҚШ фестивалінде Маңғыстаудың атын шығарды

8 сентября 2023 г. 11:00 / Новости Казахстана

Дизайнер Айжан Рахымбайқызы Америкада Smithsonian folklife фольклор фестиваліне қатыстып, Маңғыстаудың жадағайын әлемге танытып қайтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Айжан Рахымбайқызы Америкада  жыл сайынғы  әр ұлттың мәдени салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, қолөнерін дәріптейтін Smithsonian folklife фольклор фестиваліне қатысып, жүннен тігілген Маңғыстау жадағайы мен ішігін таныстырды.

Бұл мәдени шара 1967 жылдан бері жыл сайын Вашингтонда ұйымдастырылады.

Фестивальға әр жылы АҚШ-тың 50 штатынан және 100-ден астам шетелден қонақ келеді.

Айжан Рахымбайқызы фестивальға «Маңғыстау мұнары» топтамасын апарған.

«Көкейімде жүрген арманым маңғыстаулықтардың ежелгі сырт киімі - түйе жүннен сырылған жадағайды заманға сай жаңғыртып, шетелге таныту еді. Әлемнің алпауыт елінің бірі АҚШ-та өтетін шарада көрсету мен үшін арманымның орындалғаны болды», - дейді Айжан Рахымбайқызы.

Автор
Новости партнеров