"Қашаған" кен орнында мұнай өндру көлемі уақытша азайды

26 мая 2023 г. 17:27 / Новости Казахстана

Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Қашаған» кен орнының екі ұңғымасында мұнай өндіру көлемі төмендеді, деп хабарлайды Arbat.media.

NCOC компаниясының баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, "Қашаған" кен орнының екі ұңғымасында күкіртсутек газы шоғырланғандықтан өндіріс көлемін азайған

Солтүстік Каспий жобасының операторы – NCOC компаниясы «Қашаған» кен орнының теңіз кешеніндегі екі айдау ұңғымасының «А» оқпанаралық кеңістігіндегі флюидтің сынамасын әдеттегідей алу кезінде газдың (H2S) шоғырланғаны байқалғанын растайды. Бұл орайда, осы ұңғымаларды пайдалану кезінде қалыпты жұмыс режимінен бірде-бір ауытқу жағдайы байқалмады. Компания қауіпсіздік пен активтердің бүтіндігіне баса назар аударады. Сондай-ақ, қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға нұқсан келмеуін қамтамасыз етеді, - деді өндірістік мекекеменің баспасөз қызметі. 

20 мамырда NCOC екі ұңғыманың бүтіндігін тексеру үшін жапқаны белгілі болды.  

NCOC компаниясындағы тексеру жұмысы кезінде ұңғымаға кері айдалатын газдың көлемі азайтылды. Сәйкесінше, өндірілген мұнайдың да көлемі төмендеді, - деді   баспасөз қызметі. 

 

Автор
Новости партнеров