Қарағандылық хакер 60 миллион ұрлаған

28 августа 2023 г. 16:15 / Новости Казахстана

Қарағандыда банк шотынан 60 миллион ұрлауға қатысы бар 20 жастағы жігіт ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қарағанды қаласында ірі ұйымның банк шотынан 60 млн теңге ұрлауға қатысы бар облыстың 20 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол ұрлық жасау үшін қауіпті бағдарлама қолданған. Оның қатысушыларын, сондай-ақ олар жасаған басқа да қылмыстарды анықтау шаралары қабылданды», - дейді ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев.

Сонымен бірге алаяқтықпен алынған ақшаны қолма-қол қаржыға айырбастап, қылмыскерлерге көмектескен Ресей азаматы ұсталған.

«Ақмола облысының ПД қызметкерлері Ресей азаматын ұстады. Ол банк қызметкерлерінің атынан ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға көмектескен. Күдікті 25 қылмыс жасаған, жалпы шығын 100 миллион теңгеден асады», - деді Рүстем Дүйсетаев.

 

Новости партнеров