Қаңтар оқиғасында полицейді көлікпен қаққан ақтөбелік азамат 15 жылға сотталды
Ақтөбе облысында қаңтар оқиғасы бойынша сот үкімі шығып, 17 ер адам мен 1 әйелдің ісі қаралды, деп хабарлайды Arbat.media.
"Диапазон" басылымының жазуынша, сот залына келгендердің бірі 15 жылға сотталған. Қаңтар оқиғасы кезінде полицияның екі қызметкерін көлікпен қаққан Нұрсұлтан Исаевтың енді жазасын темір тордың арғы жағында өтейді.
Сондай-ақ, сот Ернұр Әжниязов пен Асланбек Омаровты толықтай ақтады. Аталған қос азамат енді мемлекеттен осы уақытқа дейін өздеріне келтірілген моралдық шығынды толық өндіріп алуға құқылы.
Ақтөбеде өткен сотта ісі қаралған жалғыз әйелді де шерушілер қатарында болмауына байланысты сот кінәсіз деп таныды. Жауапкершілікке тартылған ол да осы күнге дейін келтірілген моральдық шығынды мемлекеттен талап ете алады.
Сотта ісі қаралған 18 айыпталушының 16-сы бостандыққа шықса, екі адам жаза арқалады. Оның бірі Нұрсұлтан Исаев болса, екіншісі Қами Дарханды 4 жылға жазасын өтеу үшін бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге, 8 айыпталушыға шартты түрде жаза кесіліп, 4 адамға үй қамақта ұстау шешім шығарылды.