Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйеліне тағы да айып тағылды

12 января 2023 г. 16:14 / Новости Казахстана

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды қатысты адам ұрлау мен рейдерлік деген айып бойынша айыпталып отыр, деп хабарлайды Arbat.media.

Оның осындайқадамынан елімізде белгілі екі кәсіпкер зардап шеккен. Олар оған мәжбүрлікпен бизнестегі үлесін бөліп берген. Зардап шеккендердің арасында белгілі бизнесмен Тұрсын Алагөзовтің де бары айтылды. Сонымен бірге, Гүлмира Сатыбалдының жеке жүргізушісі де сотты болып отыр. Оған "адам ұрлады" деген айып тағылған. 

Гүлмира Сатыбалды 2020 жылы Тұрсын Алагөзовке моральдық-психологиялық қысым көрсетіп, "Galanz Bottlers" компаниясының 45,25 пайыз акциясын өзіне жаздыруға мәжбүрледі. Сондай-ақ ол Батыршаев және Өтебековпен бірлесіп, Мекешеваны ұрлап әкетті, -  деді прокурор Акромат Мухтаров.

Алматыда өткен сот кезінде Гүлмира Сатыбалдының адвокаттары оны үйқамаққа жіберуді сұрап, қылмыстық істі Астанаға жөнелтуді сұраған. Сот аталған істі Астанаға ауыстырғанымен, оны қамаудан босатпады. Сондай-ақ, Гүлмира Сатыбалды мемлекетке келтірген шығынды толығымен өтегені белгілі болды. 

 

Автор
Новости партнеров