Қайрат Боранбаевқа қатысты алғашқы сот отырысы басталды

30 декабря 2022 г. 16:17 / Новости Казахстана

Астанада белгі олигарх Қайрат Боранбаевқа қатысты сот отырысы басталды. Оған аса ірі көлемде қаржы жымқыру бойынша айып тағылған, деп хабарлайды arbat.media.

Сарыарқа аудандық №2 сотында кәсіпкер Қайрат Боранбаевпен бірге "QazaqGaz" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жанұзақ Тайыр және "Азиягаз Чунджа" ЖШС құрылтайшыларының бірі Роман Нахановтың ісі қаралып жатыр. 

Сот "Азиягаз Чунджа" ЖШС арқылы жымқырылған қаражат негізінде жүріп жатыр. Алғашқы сот отырысына Қайрат Боранбаевтың туыстары мен бірқатар мәдениет өкілдері қатысуда. Арасында кәсіпкердің қызы бар екені де айтылды. 

Бұған дейін қаржылық мониторинг агенттігі кәсіпкер мен оның сенімді адамы Нахановқа қатысты тергеуді аяқтаған болатын. Күдікті тұлғаларға 2019 жылы "Азиягаз Чунджа" ЖШС арқылы газ жеткізу кезінде QazaqGaz (бұрынғы ҚазТрансГаз) ұлттық компаниясының қаражатын жымқырды деп айып тағылды. 

Автор
Новости партнеров