Қайрат Боранбаев 90 млрд теңгенің активтерін мемлекетке қайтарды

14 сентября 2023 г. 14:30 / Новости Казахстана

Қайрат Боранбаев 90 млрд теңгенің активтерін мемлекетке қайтарды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыруға байланысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. 

Қаржы мониторингі агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша;

90 млрд теңгеден асатын активтерді, оның ішінде: мұнай кен орнын, газ тарату компаниясын, сервис саласындағы кәсіпорынды, қонақүй және сауда-ойын-сауық кешендерін, фитнес орталықтар желісін, кеңсе үй-жайын және басқа да активтерді мемлекет меншігіне ерікті түрде қайтару жөнінде шара қабылданды.

Және де Қ.Боранбаев Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударды.

Аталған нысандар мемлекеттік органдар мен компаниялардың балансына беріліп, ақшалай қаражат білім беру инфрақұрылымын дамытуға жұмсалады. 

 
Автор
Новости партнеров