Қаақстандағы автокөлік жолдарының ұзындығы 100 мың шақырымға жуықтады

25 мая 2023 г. 16:10 / Новости Казахстана

Қазақстан бойынша автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 94 781 шақырымды құрады, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл нәтижесі 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 572 шақырымға азайған. Автокөлік жолдарының ішінде

26,2 пайызы халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарға кірсе, 33,5 пайызы облыстық маңызы бар сипатқа ие. Сонымен бірге, 40,1 пайызы аудандық маңызы бар жолдар санатына қосылған.

Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының жалпы ұзындығының 94 пайызы қатты жабынды жолдарды құраса,, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 88,9% деңгейінде болған, - деді Ұлттық статистика бюросы.

Еліміздегі тасжолдардың 3,3 пайызы І санатқа кірсе, тағы 47,2 пайызы ІV санатқа жатады. Сондай-ақ, қала ішіндегі жолдардың ұзындығы 25 139, ауыл ішіндегі жолдарда – 56 790 шақырымды жеткен. 

Автор
Новости партнеров