Путиннің қашып кеткен күзетшісі Астанадағы бункер туралы айтты
Глеб Каракулов Астанадағы елшілік аумағындағы бункерде Владимир Путинге телефон орнатқанын айтты, деп хабарлайды Arbat.media.
Халық үні порталының жазуына қарағанда, РФ Федералдық күзет қызметінің бұрынғы офицері Глеб Каракулов Астанадағы елшілік аумағындағы бункерде Владимир Путинге телефон орнатқанын айтқан.
Күзет қызметінің офицері Ресей президентінің барлық резиденциялары «бункер» деп аталатын мәлімдеді. Бұл жерде ол ұзақ уақыт бойы бола алады. 2022 жылғы қазанда Астанада өткен «Ресей — Орталық Азия» саммитіне Владимир Путин қатысқаны белгілі. Каракулов бұрын Қазақстандағы елшілік аумағында елшінің кабинетінде немесе келіссөз жүргізілетін орында байланыс орнатқан. Алайда сол жолы Птутин бункерде болған.
«Түсініксіз жағдай. Басқа мемлекет аумағында болған кезде бүкіл қауіпсіздікті өздері қамтамасыз етеді. Елшілік аумағы да күзетіледі», —деді ол.
ФКҚ президенттік байланыс басқармасында қызмет еткен инженер, капитан Глеб Каракулов 2022 жылғы Астанаға Владимир Путинмен іссапарға келген кезде қашып кеткен. Инженер Путин мен премьердің сапарлары кезінде байланыс үшін жауапты бөлімде жұмыс ітеген. Ол соғыс басталғалы жұмыстан кетуді ойлаған, алайда жаңа төлқұжат алғанша жоспарын кейінге қалдырған. РФ Федералдық күзет қызметінде 2009 жылдан бері қызмет еткен.