Прокуратура Юрий Ильин, Зүлфия Сүлейменова, Нұрлан Ұранхаев және Даниал Ахметовтің қашан тергелетінін атады

14 июня 2023 г. 18:47 / Новости Казахстана

Абай облысындағы орман өртіне қатысты қылмыстық іс бойынша жауапты лауазымды тұлғалардың барлығының тергеледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Мәжілістегі баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Прокуратура өкілі Юрий Ильин, Зүлфия Сүлейменова, Нұрлан Ұранхаев және Даниал Ахметов жауапқа тартылуы мүмкін бе?» деген мәсеге қатысты пікір білдірген болатын. 

Істің шеңберінде өз қызметтеріне салғырт, немқұрайлы қарап, осындай ауыр зардапқа жол берген барлық лауазым иелері жауапқа тартылады. Бұл іске байланысты басқарушы органдар ғана емес, басқа да өкілдер тергеуге алынады. Қазіргі уақытта өңірдегі өртті сөндіру маңыздырақ болғандықтан, олар өрт аймағында жұмысын жалғастырып жатыр. Өрт аяқталған соң, барлығы тергеледі, - деді Жандос Өмірәлиев.

Сондай-ақ, ол лауазымды қызмет атқарғандарға қатысты әлі іс сараланбағандығын жеткізді. 

Бұл қылмыстық іс бойынша әлі ешкімнің іс-әрекеті сараланған жоқ. Әлі ешкім қылмыстық іс бойынша дәрежеленген жоқ, - деді Ж.Өмірәлиев. 

Бас прокурордың орынбасары қылмыстық істің 292-бабына сәйкес өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін және үш және одан көп адамның өмірін қиғаны үшін тергеу жұмыстары басталғанын атады. 

Бұл іс бойынша Бас прокуратураның арнайы қызмет тобы құрылып, арнайы топ мүшелері өрт болған аймақта тергеуді бастаған. 

Автор
Новости партнеров