Петропавлда ер адам жүргізушіні талдырып тастады
Кеше Петропавл қаласында жол ақысын төлемеген 67 жастағы қария автобус жүргізушісін қылқындырып тастады, деп хабарлайды Arbat.media.
Осы факті бойынша 67 жастағы азаматтың әрекеті ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіміне енгізілді.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 8 сәуірде сағат 19:30 шамасында Петропавл қаласында 5 «М» бағытындағы автобуста жолаушы қажетті аялдаманы өткізіп алып, жол ақысын төлеместен автобустың ортасындағы есіктен шықпақ болған. Автобус Қизатов көшесіндегі аялдамада тоқтап тұрған кезде ер адам жүргізушімен және басқа жолаушымен жанжалдасып, бұзақылық әрекеттерін жасаған.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram