Петропавлда 76 жастағы қарияның алаяқтар әкеткен 5,5 млн теңгесі қайтарылды

30 июня 2023 г. 15:29 / Новости Казахстана

Петропавл полицейлері алаяқтарға алданған зейнеткерге 5,5 млн теңгесін қайтарып берді, – деп хабарлайды Arbat.media.

Polisia.kz-тің жазуынша, зейнеткерге қоңырау шалған әлдекімдер “Сіздің қызыңыз жол-көлік оқиғасының себепкері болды, оның кесірінен жүкті әйел өлім мен өмірдің арасында тұр” сынды сөздерді айтқан. 76 жастағы кейуанаға өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған адам қоңырау шалғанын айтып отыр.  Оның айтуынша, апаттан зардап шеккен әйелдің туыстары, егер оларға үлкен сомадағы ақша төленсе, өтініш жазбауға келіседі екен. Есеңгіреген зейнеткер келісіп, мекенжайға келген курьерге өзінің барлық жинап-түйген 5,5 миллион теңге сомадағы ақшасын бере салған.

Қуанышқа орай, осыдан кейін оның қызы үйге келген және қандай оқиға орын алғанын біліп, дереу полицияға жүгінген. Тәртіп сақшылары курьерді іздеп үлгерді. Полицейлердің айтуынша, ол Петропавлдағы алаяқтықтың тағы екі дерегіне қатысы болуы мүмкін. Бұл жолы ол бірден ұсталып, қолды болған ақша тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Петропавл қаласының 17 жастағы тұрғыны анықталды, кәмелетке толмағандығына байланысты ол ата-анасының кепілгерлігімен босатылды. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Адамдардың назарын мұндай алдау схемасы жақында кеңінен таралып жатқандығына көңіл аударамыз. Біз адамдардан қырағылық танытуды, зиянкестердің психологиялық қысымына көнбеуді сұраймыз. Осындай жағдайда әңгімені үзіп, алаяқтар сөз етіп отырған туыстарыңызға хабарласыңыздар, ЖКО дерегінің жоқтығына көз жеткізу үшін “102” арнасына дереу қоңырау шалу қажет, – деді СҚО ПД Петропавл қаласы ПБ бастығы Ербол Тайбеков.

Автор
Новости партнеров