Павлодарда Ертіс жағасынан мыңдаған оқ салынған жәшік табылды

25 апреля 2023 г. 21:56 / Новости Казахстана

Павлодарда Ертіс өзенінің бойында ағаш жәшіктен 6 мыңнан астам патрон табылған, деп хабарлайды Arbat.media

Pavlodarnews.kzтің жазуынша, облыс тұрғыны оқтарды тауып алып, полицияға тапсырған.

Павлодар қаласының тұрғыны полицияға 5,6 мм калибрлі 6,1 мыңнан астам патрон тапсырды. Ер адам патронды Кенжекөл ауылының маңайындағы Ертіс өзенінің бойында ағаш жәшіктен тапқанын түсіндірді,- деп жазды жергілікті басылым. 

Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы өкіледрінің сөзінше, тұрғын БАҚ-тан мемлекет халықтан қаруды өтеулі негізде қабылдайтынын біліп, патрондарды полицияға өз еркімен тапсыруға шешім қабылдағанын айтады. Төлемнің болжамды сомасы 184 мың теңгені құрады.

Бұған дейін Успен ауданының тұрғыны пеш құбырын жөндеу кезінде үйінің шатырынан тапқан ИЖ-17, 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық мылтығын тапсырған болатын. Болжам бойынша мылтық шамамен 15 жыл бұрын Германияға тұрақты біржола қоныс аударған бұрынғы үй иесінен қалған. Аталған қаруды мемлекетке өткізгені үшін төлем сомасы 72 450 теңгені құрады.

Автор
Новости партнеров