Павлодарда алаяқтық жолмен келген ақшаны банкоматтан алған алаяқ ұсталды

9 июня 2023 г. 21:01 / Новости Казахстана

Павлодарда алаяқтық жолмен алынған ақшашы банкоматтардан алып жүрген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Polisia.kz-тің жазуынша, соңғы уақытта Павлодар облысының аумағында алаяқ қылмысы күрт артып кеткен. Мәселен, 6 маусымда Forte bank қызметкерлерінің көмегімен облыстық орталықтың банкоматтарында алаяқтық жолымен өндірілген ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан 28 жастағы павлодарлық қызметкер анықталып, ұсталды.

Ол бұл адамдармен Telegram әлеуметтік желісі арқылы байланысқа шығып, олар несие алуға ұсыныс жасап, СМС-кодтар, карта нөмірлерін алып отырған. Содан кейін құпия деректер арқылы олардың шоттарынан ақша ұрланған.

Тергеу-жедел іс-шараны өткізу барысында күдікті павлодарлықтың жасалған қылмысқа қатысы бар екені анықталды, онда көрсетілген схема бойынша Ақтоғай ауылының 42 жастағы тұрғынынан 3,9 млн теңге сомасында ақша қаражатын иемденген. Осы факті бойынша полиция Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 2-бөлімінің 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді Павлодар облысының ПД бастығы Василий Скляр.

Павлодар облысының полиция департаменті азаматтарға әсіресе егде жастағы азаматтарға қырағы болуға және мұндай қоңырауларға сенбеуге шақырып отыр. Сондай-ақ, алаяқтарға құпия деректерді бермеуді, жеңіл ақша табуды ұнататындар, егер сізге әлеуметтік желілер арқылы “дропер” немесе “курьер” жұмысы ұсынылса және бұл жұмыс заңсыз әрекеттермен байланысты болса, қылмыстық жауапкершілікті есте ұстауды қаперге салады. Сонымен қатар, полиция мұндай ұсыныстан бас тартуға және заңсыз әрекеттерге қатыспауға кеңес береді.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/pavlodarda-zhaldamaly-alayaq-ustaldy/

Автор
Новости партнеров