Павлодар облысында жол-көлік оқиғасынан жүргізуші мен жаяу жүргінші қайтыс болды

5 июня 2023 г. 18:39 / Новости Казахстана

Павлодар облысында көлік жүргізушісі жаяу жүргінші қағып кетіп, зардап шегуші оқиға орнында бақилық болған, деп хабарлайды Arbat.media.

Қайғылы оқиға Ақсу қаласындағы М. Мәметова көшесінде болған. Жолда жүріп келе жатқан ВАЗ-2108 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі 50 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Анықталған дерек бойынша, марқұм жүріс бөлігін белгісіз жерден өткен. Салдарынан жаяу жүргінші алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.

Сондай-ақ, 4 маусым Ақтоғай-Шолақсор автожолының Жалаұлы ауылының маңында, Volkswagen Passat көлігінің 47 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, кюветке түскен. Салдарынан автокөлік жүргізушісі алған дене жарақатынан сол жерде жантәсілім етті. 

Жол-көлік оқиғасы деректеріне қатысты ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, автокөліктер арнайы айыппұл тұрағына қойылған. 

Автор
Новости партнеров