"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директорының бұрынғы орынбасары ұсталды

26 июня 2023 г. 21:27 / Новости Казахстана

Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті "Өзенмұнайгаз" АҚ бас директорының бұрынғы орынбасары Ермек Қарамырзаевты қамауға алды, деп хабарлайды Arbat.media.

Ермек Қарамырзаев таяуда Маңғыстау облысындағы мұнай өндіруші "Қаражанбамұнай" АҚ бас директорының орынбасары лауазымына ауысқан.  

Ол "Кезби" ЖШС-нің және "Өзенмұнайгаз"АҚ-ның басқа да мердігер ұйымдарының заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасау мақсатында өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалануда күдікті ретінде танылды. Карамырзаев конкурстың жекелеген қатысушыларының біліктілік талаптарына сәйкес келмейтінін және мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибесі туралы жалған құжаттар ұсынғанын біле отырып, оларды тендерге қатысуға жіберген. Олардың мүдделерін қолдауды жалғастыра отырып, Қарамырзаев "КЕЗБИ" ЖШС-ні компания үшін көрінеу қолайсыз шарттарда ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша шарт жасасуға мәжбүр етті. Сондай-ақ, ол өзінің заңсыз әрекеттерімен "КЕЗБИ" ЖШС-нің заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіріп, мыңнан астам қызметкердің құқықтарын бұзған. Әрі мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленіс тудырды, - деп жазылған хабарламада.

Маусым айының басында "Өзенмұнайгаз" АҚ бас директорының орынбасары Бауыржан Мәмбетсапаев қамауға алынған болатын.

Автор
Новости партнеров