Өрт сөндіруге туфлимен барып қайтыс болған орманшылардың жайы елеусіз қалмайды - Скляр

13 июня 2023 г. 16:07 / Новости Казахстана

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр Үкіметтің кулуарында Абай облысындағы өртке қатысты жағдайды айтты, деп хабарлайды Arbat.media.

Р.Скляр өңірдегі тілсіз жауды тоқтатуға ауа райының тікелей әсері болып отырғанын атады. Қазір өрт аумағында жел күшейе түскен. 

Өртті сөндіруге ауа райы да әсер етіп жатыр. Жел жоғары жақтан күшейген. Өрт өршіген уақытта желдің екпіні 25 м/с, ауа температурасы 30 градусты көрсетіп тұрған еді. Дегенмен 14 тікұшақ өртті сөндіруге жұмылдырылды. 1500 адам мен 300 техника жұмыс істеп жатыр. Жақын арада өрт ошақтары сөндіріледі деп ойлаймыз. Қазіргі таңда өңірде жел бәсеңдеді. Бұған дейін жауапты органдар өрттің аумағы мен жағдайды дұрыс бағаламаған. Өрт жылдам тараған соң, осындай жағдай болды. Қаза тапқандарға келетін болсақ, әрине, бұл өте қайғылы жағдай. Прокуратура тергеу жүргізіп жатыр. Кінәлілер толық жауапқа тартылады - деді Роман Скляр.

Сондай-ақ, ол Үкімет отырысында қайғылы жағдайдың алдын алуға қатысты нақты тетіктер әзірлеу керегін атап, Экология министрлігінің дайындығының толық болмағандығын жеткізді. Роман Скляр қайтыс болған орманшылардың өрт ошағына туфлимен кеткеніне қатысты пікір білдірді. 

Олардың төтенше жағдайғы жайы қылмыстық іс аясында тексеріледі. Рация, арнайы киімдерінің болмауы толық тексеріледі. Қостанай облысындағы өрттен сабақ алмадық деп айта алмаймыз. Материалдық-техникалық базадағы жұмысты күшейткен едік. Өрт желдің әсерінен бірден өршіп кетті. «Ғарыш сапары» штаттық режимде жұмыс істеді. Бұл жағдай ТЖМ-де айтылды. Өрттің басталғаны туралы орман шаруашылығы да білді. Өрт  кезінде жағдайды дұрыс бағаламаған, - деді Р.Скляр.

Бірнеше күннен бері Абай облысында жанып жатқан өрттен үш ауылдың тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, өңірде төтенше жағдай жарияланды. Сондай-ақ, өртті сөндіру барысында орман шаруашылығының 14 қызметкері қайтыс болған. 

Автор
Новости партнеров