Көші–қон заңнамасын бұзып Орал қаласына кірген Ауғанстанның 11 азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.
ҚР ІІМ баспасөз қызметі:
Ауғанстан азаматтарының құжаттарын тексеру барысында екеуінің визасының мерзімі асып кеткені анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Екі Ауғанстан азаматы бұрын Қазақстан аумағынан күштеп шығарылғаны белгілі болды. Олар Орал қалалық ПБ қабылдап-тарату орнына орналастырылды.
Шетелдік азаматтарға қатысты Батыс Қазақстан облысының аумағында болу себептерін анықтау мақсатында тексеру шаралары жүргізілуде.