Өмір бойына бас бостандығынан айылған Челахтың хаты бас прокуратура жетті

22 декабря 2022 г. 22:38 / Новости Казахстана

Осыдан он жыл бұрын "Арқанкерген" шекара бекетінде 15 адамды өлтірді деген күдікпен тергеуге алынып, кейін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челахтың ісі қайта қаралуы мүмкін. Президентіне хат жазып, барлық шындықты айтамын деген оның хаты Бас прокуратураға келді, деп хабарлайды  arbat.media.

Еліміздің Бас прокурорының бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев аталған істің қайта қозғалуы мүмкін екенін атады.

Қазір әскери соттан тиісті қылмыстық істі сұраттық. Аталған іс қосымша зерделенеді, себебі бұл он жыл бұрын болған оқиға. Қажеттілік туындаса Владислав Челахтан жауап алынуы мүмкін, - деді ол.

2012 жылдың мамыр айының соңына таман Алматы облысындағы "Арқанкерген" шекара бекетінде 14 шекарашы мен бір қорықшының мәйіті табылған болатын. Аталған оқиға кезінде қылмыстық оқиғаға күдікті ретінде қатардағы жауынгер Владислав Челах тергеуге алынды.  Еліміздің бас әскери соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырып, Қостанай облысындағы "Қара бүркіт" түрмесіне қамалды.

Таяуда жазасын өтеп жатқан айыпты президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдап, болған жағдайдың шындығын айтуға дайын екенін жазған.

Автор
Новости партнеров