Өлтіріп, есік алдына жерлеген — Павлодар

2 октября 2023 г. 15:20 / Новости Казахстана

Танысын өлтірген Павлодар тұрғыны 10 жылға сотталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ол әйелдің мәйітін үйдің ауласына жерлеп, 3,5 айдан кейін кінәсін мойындап, полицияға келген, деп жариялады ҚазАқпарат.

Оқиға былтыр күзде болған. 31 жастағы Павлодар тұрғыны өзінен жасы екі есе үлкен танысымен ішімдік ішіп отырып, екеуі әлденеге келіспей, ұрсысып қалады. Соңында үй иесі әйелді қылқындырып өлтірген.

2 қаңтарда Павлодар қаласы полициясының оңтүстік бөлімінің кезекші бөлімшесіне павлодарлық тұрғын кінәсін мойындап келген. Ер адам 2022 жылдың қыркүйегінде 1964 жылы туған таныс әйелді өлтіргенін хабарлады. Ол сол күні үйінде танысымен бірге ішімдік ішкенін, кейінірек екеуінің арасында жанжал болып, ол әйелді қылқындырып өлтіргенін айтты. Ал мәйітін өзі тұрып жатқан үйдің аумағына жерлеген.

Тергеу жүргізілді. Алқабилер қатысқан іс Павлодар облыстық қылмыстық істер бойынша маманданған ауданаралық сотында қаралды. 31 жастағы ер адам алдағы 10 жылын қамауда өткізеді.

Автор
Новости партнеров