Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова спорттағы мансабын аяқтады

13 февраля 2023 г. 6:54 / Новости Казахстана

Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпаковаресми түрде  спорттағы мансабын аяқтады, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақ спортшылары арасында Жазғы Олимпиада Ойындарынан үш рет жүлде алған тұңғыш саңлақ Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешенде өткен Х Азия чемпионатында үлкен спорттан кететінін мәлімдеді. 

Еліме ризамын! Президент пен спорт жетекшілерінен бастап менің ең жас жанкүйерлеріме дейін бір ғана, бірақ өте маңызды нәрсе – маған сенімдері үшін алғыс айтамын. Мені тұлға ретінде, кәсіби спортшы ретінде танытуға мүмкіндік берген тағдырға және Құдайға алғыс айтамын, - деді О.Рыпакова.

Салтанатты жарыста спортшы жанкүйерлер алдында соңғы рет құрмет шеңберін жүгіріп өтті. Осылайша оның үлкен спорттағы кәсіби атлет ретіндегі жолына тәмам болды. 

Ольга Рыпакова Лондон Олимпиадасынан бөлек, Бейжіңде күміс және Риода қола жүлдеге қол жеткізген. Алайда Токио Олимпиадасындағы қадамы сәтсіз болған атлет кейін үлкен спорттағы жолын жалғастыратынын айтқан болатын.

Спортшы өткен жылдың қараша айында 38 жасқа аяқ басты. Ол Олимпиададан бөлек, әлем біріншіліктерінің үш дүркін жүлдегері, Азия Ойындарының 4 дүркін жеңімпазы, универсиада чемпионы, құрлық кубогының иегері, сондай-ақ, жабық кешенде өткен әлем чемпионаты мен Азия Ойындарының жеңімпазы. 

Автор
Новости партнеров