Нұрқаділовтің бірінші әйелі шындықты айтты: "Ажалы адамнан болды":

7 апреля 2023 г. 15:10 / Новости Казахстана

Танымал саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділова "Уақыт көрсетеді" Yotube арнасында күйеуімен бірге тұрған жылдардағы естеліктермен бөлісіп, ол өзін-өзі ататын адам емес екенін айтты, деп хабарлайды Arbat.media.

Оның айтуынша, күйеуі адам қолынан қаза тапты деп ойлайды.

Ажалы адамнан болды деп айта аламын. Ол өзін-өзі үш рет ататын адам емес. Зәкең қоян да, торғай да атып көрген жоқ. “Таудың адамымын, мықтымын” деп өз-өзін көтеріп жүретін. Қызметі жаман болған жоқ, халқына танымал болды. Біз үйленген соң жалдамалы пәтерде тұрдық. Бұл кісі көп қазақтарды Алматыға тіркеді. Одан Шаңыраққа жер берді. Шаңырақта тұратын халық ол кісіге риза. Зәкең халқына көп жақсылық жасаған адам, – дейді саясаткердің бірінші әйелі.

“Заманбек аға неден қорқатын еді?” деген сауалға ол былай жауап берді:

Ештеңеден қорықпайтын, батыл болатын. Тік айтып, тік сөйлейтін. Колбиннің заманында облысқа келген бір бастық болды. Ол Заманбекті партияға салды, қызметінен кетіретіндей жағдайда болды. 1986 жылы студенттердің алаңға шыққан кезі. Сонда алаңда болған оқиғаны Заманбекке теледидарға шығып айту тапсырылыпты. “Қазақтың жастарын жаманда. Олар жаман нәрсеге әуес, арақ ішеді, нашар адамдар” деп айт деген көрінеді. Сөйтіп Зәкең маған келіп секретарьдің тапсырмасын айтып тұр. Мен үзілді-кесілді қарсы болдым. “Ұлың мен қызың өсіп келе жатыр. Қазақтың балалары ондай емес. Олардың тек үкімет басына қазақ басшы келгенін қалайды. Жастар бұл жағдайдың ушығып кететінін білген жоқ. Сен қожалықтың, шаруаның адамысың. Бар да, көтеріліс кезінде алаңда сынған дүниелерді қалпына келтір. “Қызметтен босатады” деп еді, қызметіңді алса алып алсын. Ертең ұл-қызың өссе ұят болмай ма?” деген едім, сол сөзіме тоқтапты. Бірақ теледидарға шығуына қарсы болдым, – дейді Нұрбике Нұрқаділова.

Автор
Новости партнеров