Назарбаевқа берілген "Құрметті сенатор" атағы күшін жойды

12 января 2023 г. 17:26 / Новости Казахстана

Қазақстанның  бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа 2019 берілген "Құрметті сенатор" атағы күшін жойды. Бұл туралы шешім Сенатта қабылданды, деп хабарлайды Arbat.media.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Парламенттің жаңа регламенті бекітілгеніне байланысты Мәжіліс пен Сенаттың функциялары өзгергенін мәлімдеді. Осы орайда "Құрметті сенатор" атағы да алынып тасталған.

Біз оны регламенттен алып тастадық. Қазір бізде "Құрметті сенатор" деген институт жоқ. Біз референдумды және Елбасыға қатысты заңның күші жойылып жатқанын ескеріп, "Құрметті сенатор" дәрежесін алып тастағанбыз, - деді Мәулен Әшімбаев.

Алдағы уақытта "Құрметті сенатор" атағы ешкімге берілмейді. Себебі заң шығарушы органда енді ондай құқықтық негіз болмайды. қазір бізде ондай құқықтық негіз жоқ деп айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы президенттік қызметінен кеткеннен кейін оған жоғары палата "Құрметті сенатор" атағын табыстаған. Ал аталған белгілі оның қызы, Сенат спикері болған Дариға Назарбаеватабыстаған болатын. 

Автор
Новости партнеров