Мұрат Нұртілеу Сыртқы істер министрі болып тағайындалды

3 апреля 2023 г. 16:13 / Новости Казахстана

Президент әкімшілігін бір жылдан астам уақыт басқарған Мұрат Нұртілеу бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Премьер-министрдің орынбасары  –  Сыртқы істер министрі тағайындалды, деп хабарлайды Arbat.media.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша енді Мұрат Нұртілеу дипломатиялық қызметпен айналысады. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды, - деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Бұдан бөлек, Президент Жарлығы бойынша Қорғаныс министрлігіне Руслан Жақсылықов, Ішкі істер министрлі болып Марат Ахметжанов қайта тағайындалып отыр. 

Бұған дейін Мәжіліс Премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын мақұлдаған еді. Кейін Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Ә.Смайыловты неліктен депутаттар қолдағанына қатысты пікір білдірді

Автор
Новости партнеров