Министрлік Абай облысында өртенген ормандағы ағаштарды тасу дерегін жоққа шығарды

15 июня 2023 г. 21:32 / Новости Казахстана

Абай облысындағы орман өртінен кейін отқа оранған ағаштарды көлікке тиеп әкету дерегіне қатысты Экология министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.media.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Семей орманы» резерватындағы ағаш дайындау бойынша бейнероликке қатысты деректің шындыққа жанаспайтынын атады.

"Семей орманы" МОТР ақпаратына сәйкес, БАҚ-да орман өртінен өткен алқаптардан ағаш дайындау және оны әкету бойынша таратылған бейне шындыққа жанаспайды. Өртті сөндіруден басқа барлық жұмыстар тоқтатылды. Соның ішінде орманды кесу және шығару жұмыстарына қазір атқарылып жатқан жоқ, - деп жазылған министрлік таратқан ақпаратта. 

Бұған дейін редакцияға сурет жолдаған оқырмандардың бірі Абай облысында өртенген орман ағаштарын жүк көлігіне тиеп, белгісіз бағытқа әкетіп бара жатқандар туралы айтқан болатын. 

Автор
Новости партнеров