Мемлекеттік айыптаушы Қайрат Боранбаевты сегіз жылға соттауды сұрады

28 марта 2023 г. 17:26 / Новости Казахстана

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы Қайрат Боранбаевты 8 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуді сұрады, деп хабарлайды Arbat.media.

Астанадағы Сарыарқа аудандық №2 сотында Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық істі қарау жалғасып жатыр. Прокурор Айжан Аймағанова Қайрат Боранбаевтың дүниесін тәркілеумен қатар, оны бірнеше жылға соттауды сұрады. 

Қайрат Боранбаевты Қылмыстық кодекстің 28-бабының 5-бөлігінде (қылмыс жасауға жәрдемдесу), аталған баптың 2-тармағының 189-бөлігінің 4-бөлігінде (жымқыру немесе бөгденің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлау), сонымен қатар 218-баптың 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық жолмен ірі көлемде ақша және мүлік иеленгені үшін кінәлі деп тануды сұраймын. Оған ҚР Қылмыстық кодекстің 28-бабы, 5-бабы және 4-баптың 189-бөлігі бойынша жаза тағайындалсын. Яғни өмір бойы мемлекеттік қызмет, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 8 жыл бас бостандығынан айыру және 218-бабы 3-бөлігі бойынша мүліктерін тәркілеу сұралады, - деді прокурор Айжан Аймағанова. 

Өз кезегінде мемлекеттік айыптаушы Қайрат Боранбаевтың жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу режимін тағайындауды алға тартты. 

Қайрат Боранбаевқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы бұрынғыдай қалдырылсын. Боранбаевты қамауда ұстау уақыты 15 наурыздан бастап үкім заңды күшіне енген күнге дейін 1,5 күн бас бостандығынан айыру үшін 1 күн есебінен жаза мерзіміне есептеуді сұраймын. Оған тиесілі жылжымайтын мүлікке және ақшалай қаражатқа салынған тыйым мүлікті тәркілеуге және оған қатысты басқа қылмыстық істі тергеуге байланысты сол күйінде қалдырылсын, - дейді прокурор.

Сотта Қылмыстық кодекстің 49-бабына сәйкес Қ. Боранбаевқа берілген мемлекеттік наградаларды кері қайтаруда сұралды.  

Қайрат Боранбаевқа қатысты сот отырысы өткен жылдың соңында басталды. Кейін ол өзін "шетелге қашпақ болды" деген айыпты сот барысында жоққа шығарды

Автор
Новости партнеров