Мемлекет қаржысын мақсатсыз жұмсады деп айыпталған Елжан Біртанов жаңа қызметке тағайындалды

14 марта 2023 г. 17:55 / Новости Казахстана

Еліміздің денсаулық сақтау министрі болған Елжан Біртанов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұрын лауазымды қызметте болған ол енді республикалық медицина қызметкерлерінің салалық кәсіподағы төрағасының кеңесшісі міндетін атқармақ. 

Енді экс-министр кәсіподақтағы әріптестерімен бірге медица мәселесін шешумен айналысуды көздеп отыр. Оның айтуынша, салада кадрлар мен еңбекақы мәселесі әлі де өзектілігін жоймаған. 

Әріптестеріне арнаған сөзінде Біртанов өзінің барлық тәжірибесі мен біліктілігін медицина қызметкелерлерінің мүдделерін ілгерілету үшін пайдаланатынын атады. 

Естеріңізге сала кетейік, Елжан Біртанов 2017 жылдан 2020 жылға дейін денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған. Коронавирустық пандемия кезінде Біртанов ауырып, кейін қызметінен кетті. Лауазымынан босағаннан кейін оның үстінен мемлекет қаржысын мақсатсыз жұмсағаны үшін қылмыстық іс қозғалған. 

Автор
Новости партнеров