Мемлекет басшысы қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты

18 мая 2023 г. 14:41 / Новости Казахстана

Қытайға мемлекеттік сапары аясында мемлекет басшысы қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстел отырысына қатысты, деп хабарлайды Arbat.media.

Президент әлемдегі күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда-саттық көлемі рекордтық көрсеткішке – 31 миллиард долларға жетті. Қытай Қазақстан экономикасына қаржы құйған бес ірі инвестордың қатарына кіреді. Құйылған инвестицияның жалпы көлемі 23 миллиард доллардан асты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент кеше  көне Сиань қаласында жоғары деңгейдегі қазақ-қытай келіссөздері өткенін айтты.

– Біз  Төраға Си Цзиньпинмен бірге екіжақты қарым-қатынастың кең ауқымды мәселелері бойынша нәтижелі пікір алмастық, нақты келісімдерге  қол жеткіздік, бірлескен мәлімдемеге  қол қойдық. Жалпы, менің Қытайға мемлекеттік сапарым ойдағыдай өтті деп сеніммен айтуға болады. Қол жеткізілген уағдаластықтар екі елдің арасындағы тығыз ынтымақтастыққа зор серпін береді. Қазақстанда Қытай қаржысы жұмсалған бірқатар ірі компания табысты жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде CNPC, CITIC, NFC, Sinopec, Huawei сияқты корпорациялар бар. Дегенмен біз ынтымақтастығымыздың әлеуетін одан әрі игеруіміз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Автор
Новости партнеров